Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3234 0 пікір 9 Қазан, 2009 сағат 08:00

«Қазақмыс» қуаты 55 МВт жаңа турбогенераторды іске қосты

Қарағанды. 9 қазан. ҚазТАГ – Жұма күні Қарағанды облысының Топар ауылында «Қазақмыс» корпорациясының МАЭС-інде жаңа турбина іске қосылды. Шараға Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллин және «Қазақмыс» корпорациясы басқармасының төрағасы Эдуард Огай қатысты.

«Бұл мемлекет басшысының елді қарқынды индустрияландыру және экономиканы дамыту бойынша тапсырмасын нақты орындау болып табылады. Бұл - «Қазақмыс» корпорациясының кезекті табысы ғана емес, бұл облыс үшін маңызды оқиға, өйткені соңғы жылдары алғаш рет аймақта жаңа энергетикалық қуат іске қосылып отыр», -деді Н. Нығматуллин салтанатты шара барысында.

Қуаты 55 МВт жаңа турбогенераторды іске қосу станцияда өндірілетін электр қуатын 663 МВт –қа жеткізіп, Қарағанды аймағындағы корпорацияның кәсіпорындарын және тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала нысандарын электр қуатымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңа агрегат автоматты басқару және жұмыс режимін бақылау  жүйесімен жабдықталған, бұл оны пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті арттырады.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1351
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2927
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1003
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 937