Соғыс пен аштық: Газа кімге қалады?..

Әйдік The Washington Post басылымы үйінді-қирандыға айналған Газа секторының келешегіне қатысты бүйдейді:
АҚШ әкімшілігі ызу-қызу талқылап жатқан 38 беттік құжат бар-мыс. Онда соғыс аяқ алған соң Газа секторын кім басқарады, секторда кімдер қалып, кімдер кетеді деген мәселе тәптіштеп жазылған…
Сонымен:
- Соғыс аяқталған соң Газа секторын АҚШ бақылайды.
- АҚШ бақылауы кемі 10 жылға созылады. Бұл арада Газа секторы сән-салтанаты жарасқан туристік курортқа айналуы тиіс. Сонымен қатар, сектор жоғарытехнологиялық өндіріс ошағына айналуы керек.
- Ал Газа секторының 2 млн адамы ерікті түрде өзге елдерге немесе анклав ішіндегі қауіпсіз аумақтарға көшуі керек. Анығы Газа тұрғындарын өзге елдерге көшіру құпталады.
- Газадан ерікті түрде кетемін деген әрбір палестиналыққа 5 мың доллардан қолма-қол беріледі. Сондай-ақ, бастапқы 4 жылда барған жеріндегі тұрғынжай (арендасы) ақысы мен 1 жылдық азық-түлігі төленеді.
- Ал Газа секторы “Gaza Reconstitution, Economic Acceleration and Transformation Trust” (GREAT Trust) қоры арқылы басқарылады.
Ескерту: Газа секторын АҚШ өз қолына алады дегенді Трамп биыл ақпанда айтқан. Онда жаһандық масщтабта туристік орталық құрып, палестиналықтарды сектордан көшіріп жіберу идеясын көтерген. Бұған палестиналықтар мен араб елдері келіспей отыр…
САНДЕРЕК:
- 2023 жылдың 7 қазанынан күні-бүгінге дейін Газа секторындағы операциялардан қаза болғандар саны 63 459 адамға жеткен. Ал жараланғандар саны 160 256 адам. Ал аштан өлгендер саны 339 адам.
- БАҚ: Үйінді-қирандыға айналған Газа секторындағы материалдық шығын көлемі 110 млрд долларға жеткен. Соғыстан кейін аймақты қалпына келтіру үшін және халыққа гуманитарлық-медициналық көмек көрсетуге кемі 200 млрд доллар қажет болмақ.
Abai.kz