Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3044 0 пікір 9 Қазан, 2009 сағат 08:03

Бүкіләлемдік туризм ұйымы ҚР президентінің 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау жөніндегі ұсынысын қолдады

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Бүкіләлемдік туризм ұйымының бас ассамблеясы (UNWTO) ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялау жөніндегі ұсынысын қолдап, бұл шешімін UNWTO-ның 18-ші сессиясының қорытынды резолюциясында бекітті.

«Туризм үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың аса маңызды екені жалпыға белгілі, өйткені саяси тұрақсыздық пен әскери қақтығыстардан бірінші кезекте саяхаттар секторы және онымен байланысты қызметтер зардап шегеді»-  деп мәлім етті ҚР туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов UNWTO  18-ші сессиясына қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  29 тамызды жаппай қырып жою қаруынан бас тартудың бүкіләлемдік күні деп жариялау туралы бастамасын 2009 жылдың 18 маусымында Семей ядролық полигонындағы сынақтардың тоқтатылуына 20 жыл толуына арналған отырыста айтқаны белгілі.

ҚР жетекшісінің ұсынысын бірқатар елдер мен халықаралық ұйымдар қолдап отыр.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун да Н. Назарбаевтың бұл ұсынысын қолдап шықты, деп мәлім етті БҰҰ бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592