Жұма, 12 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 924 0 пікір 12 Қыркүйек, 2025 сағат 15:21

Өзбекстан Моңғолиядан 100 мың бас қой сатып алды

Сурет: 24.kz сайтынан алынды

Маусым айында қос ел президенттері осындай мәміле жасаған.  Өзбекстан жыл соңына дейін Моңғолиядан 100 мың бас қой әкеледі, деп жазады 24.KZ телеарнасы.

Қойдың алғашқы легі Новаи облысына ұшақпен жеткізілді. Өзбекстан 2029 жылы елдегі ұсақ малдың басын 1 млн-ға жеткізуді көздейді. Өйткені бұл өлкеде көкөніс, жеміс мол болғанымен, малға жайсыздау.

Өзбекстанда ет бағасы биыл тіптен шырқап кетті. Келісі – 120 мың сум, яғни біздің ақшамен – 5 мың теңге. Басты себептің бірі - мемлекеттің басты ет экспорттаушылары Қазақстан мен Қырғызстан өнімді сыртқа сатуға шектеу қойды.

Өзбекстан Моңғолиядан 100 мың бас қой сатып алды. Қазақстан мен Қырғызстан, Өзбекстанға ет экспортына шектеу енгізгелі, көрші елде өнімге деген сұраныс артып, ішкі нарыққа тікелей әсер етті.

Көрші елге Беларусь елінен де ет импортталуда. Осылайша Өзбекстан ет өнімдерінің бағасы бойынша ТМД елдері арасында көш бастады. Ташкент облысындағы мал базарында сатылып жатқан төрт түліктің дені Қазақстаннан келген. Мұнда әр жексенбі сайын таң сәріден сауда басталады. Семіз қойлардың құны 200 мың теңгеге пара пар.

Abai.kz

 

0 пікір