Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 10 Қазан, 2009 сағат 07:25

Интернетте Қазақстан бас әскери прокуратурасының ресми веб-сайты ашылды

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ– Давид Ян. Интернетте Қазақстан Республикасының бас әскери прокуратурасының (БӘП) ресми веб-сайты (gvp.kz) ашылды, деп хабарлады агенттікке БӘП баспасөз қызметінен, жұма күні.

Енді интернетті пайдаланушы кез келген адам бас әскери прокурорға тікелей сауал қоя алады. «Барлық сауалдарға толығымен жауап қайтарылып, қажет болған жағдайда прокурорлық әрекет шаралары қабылданады», - делінген таратылған хабарда. 

«Құқық бұзушылықтың алдын алу мен оның профилактикасы – елдегі заңның сақталуының кепілі» деген ұранды іске асыру аясында осы орган алдағы уақытта әскерлердегі заң бұзушылықтар азаяды деп сенеді.

БӘП сайтында оның бірінші басшысы Ерғали Мерзадиновтың жеке блогынан басқа, жаңалық, құқықтық-нормативтік, мемлекеттік сатып алулар туралы т.б. бөлімдері болады.

БӘП өкілі Болат Тазабековтың айтуынша, ҚР бас прокуратура құрамына кіретін БӘП посткеңестік кеңістіктегі әскери прокуратуралар арасында алғашқылардың бірі болып өздерінің жеке сайтын ашып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588