Дүйсенбі, 13 Қазан 2025
Жаңалықтар 921 0 пікір 13 Қазан, 2025 сағат 17:27

«Қайрат» – «Пафос» матчының билеті сатылымға шықты

Фото: Александр Павский/Kazinform.

«Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасындағы өнерін жалғастырып жатыр.

Алматылық клуб бұған дейін сырт алаңда португалиялық «Спортингпен» және өз алаңында испаниялық «Реал Мадридпен» ойнады. «Қайрат» енді Кипрдің «Пафос» командасымен кездеседі.

«Қайрат» – «Пафос» матчы 21 қазанда Орталық стадионда сағат 21:45-те өтеді. Билеттер бүгін, 13 қазанда сағат 12:30-дан бастап сатылымға шықты.

Билетті Freedom SuperApp және Kairat SuperApp қосымшалары арқылы сатып алуға болады және ережелері «Қайрат» пен «Реал Мадрид» ойыны кезіндегідей.

Қазір «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде екі ойыннан кейін қоржынында ұпайы жоқ. «Пафоспен» кездесуден кейін алматылықтар тағы бес ойын өткізеді.

Еске салайық, мұның алдында алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» клубтары арасындағы ойынға билет сатып алған 207 жанкүйер кіре алмай қалғанын жазғанбыз. Осы жағдайға байланысты қалалық полиция тексеруді бастады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 855
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9989