Сейсенбі, 17 Ақпан 2026
Жаңалықтар 1168 0 пікір 15 Қазан, 2025 сағат 16:14

Экс-министр Байбазаров жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Байбазаров Нұрлан Серікұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісі болып тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы ақпан айынан бастап Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

Abai.kz

0 пікір