«Самал, қойш осыны!» – Қанат Бейсекеевтің масқара жауабы

Threads әлеуметтік желісінде «Замандас» жобасының авторы Қанат Бейсекеевтің төңірегіндегі шайқас әңгіме толастамай жатыр. Естеріңізде болса, Алматы клубтарының бірінде өткен Stand Up шоуының «Прожарка» шығарылымында қонақтар Қанат Бейсекеевті жерден алып жерге салған болатын.
Шоу барысында Асхат Ниязов («Обожаю» жобасының авторы) қазақтың ұлттық бас киімі туралы қалжыңдап, «Руслан настолько казах что даже на чл*не носит тюбетейку» деген еді. Мұрат Данияр (Jurttyn Balasy) есімді тағы бір блогер қан шапқан қаңтар тақырыбында әзілдеді.
Түсініксіз әзілдер әлеуметтік желіде наразылық толқынын тудырып, қазақстандықтар сәтсіз әзілкештердің өздерін және Қанат Бейсекеевті сахнадан алып тастауға шақыра бастады.
Ulysmedia порталының бас редакторы Самал Ибраева да қалыс қалған жоқ, оның сайтында күлдіргілерге қатысты жаға ұстатар материалдар жарияланып, ал Ибраева өзінің Threads парақшасында келесідей пост жазған: «Желтоқсан, Жаңаөзен, Қаңтар… олжастар, асхаттар, каналар қазақтың шынайы мұңын, жарасын, травмасын ешқашан түсінбеген және түсінбейді де…»

Сурет: скрин.
Жазба пікір білдірушілер тарапынан жылы қабылданып, мақұлданған реакция тудырса да Қанат Бейсекеевтің өзіне ұнамаған сияқты.
Пост астында ол «Самал, қойш осыны» деген пікір де қалдырған.

Сурет: Желі скрині.
Алматылық журналист Әсем Жапышева да Самал Ибраеваның жазбасына берген түсініктемесінде мынадай пікір қалдырған: «Артық кеттің».
Ал пікір қалдырушылардың дені жазба авторын қолдап, Қанат Бейсекеев, Асхат Ниязов, Мұрат Данияр сынды әзілкештердің қазақ халқы үшін ауыр тақырыптарға қалжыңдамас бұрын, ең болмағанда, Қазақстан тарихын ғана емес, қазақ тілінің өзін үйренуі керектігін атап өтті.
Abai.kz