SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды
Республика күніне орай SABA Group компаниясы қалашық тұрғындары үшін мерекелік шара өткізді. Көпшілікке арнап кең дастархан жайылып, ұлттық тағамдар әзірленді. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында аниматорлар түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырды.
«Республика күніне орай SABA Group компаниясы қалашық тұрғындары үшін мерекелік шара өткізді. Көпшілікке арнап кең дастархан жайылып, ұлттық тағамдар әзірленді. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында аниматорлар түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырдық», — деді компания өкілі.
Айта кетейік, осы маңайда SABA Group KZ компаниясы жүзеге асырып жатқан «Әл-Фараби іскерлік орталығы» жобасы орналасқан. Кешен құрамына бизнес-орталық, апарт-отельдер және басқа да коммерциялық нысандар кіреді. Бұл жоба қонақүй бизнесін дамытуға бағытталған ірі инвестициялық бастамалардың бірі болып табылады. Жоспар бойынша, нысанда екі деңгейлі жерасты автотұрағы бар заманауи бизнес-орталық салынған.
Abai.kz