Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Билік 355 0 пікір 29 Қазан, 2025 сағат 13:07

Смышляева: Сенаттың түзетулері жасанды интеллект туралы заңдардың мазмұнын өзгертпейді

Сурет: Мәжілістің баспасөз қызметінен алынды.

Сенат жасанды интеллект туралы түзетулерге редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізді.

Мәжіліс Сенаттың «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерге енгізген түзетулерімен келісті.

Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, Сенат барлығы 16 түзету енгізген. Олар Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.

– Оның барлығы редакциялық және нақтылау сипатында. Бұл түзетулер құқық қолдану жүйесіне ешқандай әсер етпейтіндіктен, біз Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісуге болады деп санаймыз, – деді Мәжіліс депутаты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1210
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10731