Бейсенбі, 6 Қараша 2025
Жаңалықтар 127 0 пікір 6 Қараша, 2025 сағат 15:14

Молдова Кишиневтегі «Орыс үйін» жабады

Сурет: Radio Moldova сайтынан алынды.

Молдова үкіметі Ресеймен мәдени орталықтар туралы келісімді жарамсыз деп тану туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Оған сәйкес, Кишиневтегі «Орыс үйі» жабылады. Құжат парламенттің қарауына жіберіледі деп хабарлады Radio Moldova.

Мәдениет министрі Кристиан Джардан орталықтың 1998 жылғы келісім бойынша ашылғанын, оның мерзімі 2026 жылы аяқталатынын және ұзартылмайтынын айтты. Шенеуніктер Кишиневтегі «Орыс үйін» «Кремльдің ықпал етуінің гибридтік құралы» деп санайды. Молдованың Ресейде мұндай мәдени орталығы жоқ.

Кремльдің өкілі Дмитрий Песков Молдова билігі «Ресейге қатыстының бәрін жоққа шығарып жатыр» деп мәлімдеді. Ал «Россотрудничество" ұйымы әзірге «Орыс үйі» қалыпты жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұған дейін Молдова билігі Ресейді сайлауға араласып, елді тұрақсыздандыруға тырысты деп айыптаған еді.

Abai.kz

0 пікір