Сейсенбі, 5 Мамыр 2026
Жаңалықтар 1851 0 пікір 17 Қараша, 2025 сағат 13:18

Қазақ мұнайы қайтадан Батысқа жөнелтіле бастады

Сурет: Envato Elements сайтынан алынды.

Новороссийскіге шабуылдан кейін Қазақ мұнайы қайтадан Батысқа қарай жөнелтіле бастады.

Ресейдегі «Шесхарис» терминалы кешеніне шабуылдан соң Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жұмысын қайта бастады. «Ресей мұнай экспортын қалпына келтірді», - деп жазады «Reuters» агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Энергетика министрлігі бұл шабуылдың Қазақстанның мұнай тасымалдауына әсер етпегенін мәлімдеген.

«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, Украина шабуылынан екі мұнай терминалы зақымданған. Экспорт тек Новороссийскіде ғана емес, Каспий құбыр консорциумының терминалында да уақытша тоқтатылды.

Тұтастай алғанда, мұнай жеткізудің үзілуі тәулігіне 2,2 миллион баррельге (әлемдік мұнай нарығының шамамен екі пайызына) әсер етті. Шабуылдан кейін мұнай бағасы екі пайызға қымбаттады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1594
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1353