Сейсенбі, 25 Қараша 2025
Жаңалықтар 186 0 пікір 25 Қараша, 2025 сағат 14:22

Асу Алмабаев: Әр салмақта екі-үш қазақтан болсын!

Сурет: nur.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев тағы бір қазақ спортшысы Бекзат Алмаханның жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

UFC-дің кезекті туррирі Дохада өткен. Онда қазақ спортшысы Бекзат Алмахан қарсыласынан жеңіліп қалған. Ал Асу Алмабаев бұл турнирде өз қарсыласын айқын басымдықпен жеңген.

Асу баспасөз мәслихатында ашық айтып, бауырын сынға жығып жібермей, керісінше қолдау көрсетуге шақырды.

«Бекзаттың жекпе-жегі көз алдымда өтіп жатты. кішкене көңіл-күйім түсіп қалды. Әрбір киім ауыстыратын, дайындалатын бөлмеде теледидар бар. Сол жерден көріп отырдық. Ол бауырым ғой, қолдайық. Осындай кезде қолдамағанда қашан қолдаймыз?

Осы жерге жетудің өзіне, октогонға кірудің өзіне адамға жүрек керек.

Айтамыз ғой: «Қазақтар көшпенді қалықпыз», - деп. Әр салмақта екі-үш қазақтан болсын. Қазір көшпенді емес, өсек айтатын халық боп кеттік. Басқа ұлттарды қарасаңыз, әр салмақта өзара бәсеке бар. Бізде бары екі-үш қазақпыз, соның өзін жерден алып, жерге саламыз», - деп пікірін білдірді Асу Алмабаев.

Abai.kz

0 пікір