Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1344 0 пікір 28 Қараша, 2025 сағат 15:06

Алматы облысындағы «Барыс» базары мемлекетке қайтарылады

Сурет: Информ.кз сайтынан алынды

Алматы облысында «Барыс» базарын толық мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүріп жатыр.

Қарасай ауданы прокуратурасы қазіргі уақытта автокөлік базарының 11 гектар аумағы, яғни 30 пайызы мемлекет иелігінде екенін мәлімдеді. Қалған 25,5 гектар жер учаскесінің меншік иесі — «Auto market Karasay» ЖШС.

— Қарасай аудандық сотының шешімімен «Барыс» автокөлік базарының 36,5 га аумағынан 11 га бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалған бөлігін мемлекет меншігіне қайтару бойынша аудан прокуратурасымен сотқа талап арыз жолданды, — делінген прокуратура мәлімдемесінде.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласына жақын орналасқан «Барыс» автокөлік базарының болашағына қатысты пікір білдірді.

— Егер біз істі жеңіп, 36 гектардан астам жер телімін облыс қарамағына қайтара алсақ, бұл жерде өнеркәсіптік индустриялық аймақ құру жоспарда бар, — деді ол.

2023 жылы сот «Барыс» автокөлік базарының жер учаскелерін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1147
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2681
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763