Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды
Orda.kz порталының бас редакторы Гүлнар Бажкенова сот шешімімен екі ай мерзімге үйқамаққа алынды. Бұл туралы дүйсенбі күні кешке редакцияның адвокаты Мұрат Адам әлеуметтік желіде мәлім етті.
Күннің алғашқы жартысында полиция Бажкенованың үйі мен Orda.kz редакциясында тінту жүргізіп, бірнеше қызметкерді тергеуге жеткізген.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, журналистке қатысты Қылмыстық кодекстің "қасақана және бірнеше рет жалған ақпарат тарату" бабы бойынша іс қозғалған.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2024 жылы жарияланған материалдардың бірінде құқық қорғау қызметкері пара алған деген жалған мәлімет тараған. Тексеру барысында мұндай оқиға болмағаны анықталған.
Abai.kz