Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1326 0 пікір 3 Желтоқсан, 2025 сағат 14:37

Ел тұрғындарының жиі көтеретін мәселесі қандай?

Сурет: Newqazaq.kz сайтынан алынды.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ел тұрғындары мемлекеттік органдарға қандай мәселелермен жиі жүгінетінін айтты. 

— Биыл сайлаушылар тарапынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қамтитын 965 өзекті мәселе көтерілді. Өтініштердің шамамен жартысы нақты секторға қатысты болды. Халық тарапынан ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, табиғи ресурстар, экология және көлік салаларында мәселелер көтерілді. Сұрақтардың 31 пайызы әлеуметтік салаға тиесілі. Бұл — денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мен білім беру, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы мен қолжетімділігі, — деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның мәліметінше, 125 сұрақ мемлекеттік реттеу мен қаржы-экономикалық мәселені қамтиды. Ал 87 сұрақ күштік құрылымдарға қатысты.

— Оған жеке құраммен толықтыру, материалдық-техникалық, қоғамдық қауіпсіздік бойынша, сондай-ақ өткізу бекеттері мен мемлекеттік шекараны жаңғырту мәселелері кіреді. Өтініштердің құрылымы экономиканы және әлеуметтік саланы дамыту бойынша міндеттерді шешуге бағытталғанын көрсетеді, — деді Қанат Бозымбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1042
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2587
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 729
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 689