Сәрсенбі, 3 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 182 0 пікір 3 Желтоқсан, 2025 сағат 20:16

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды.

Алматының санитарлық қызметі қатты отынмен жұмыс істейтін қоғамдық тамақтану орындарына 12 жоспардан тыс тексеріс жүргізді.

10 экологиялық құқықбұзушылық анықталды. 7 нұсқама беріліп, екі факті бойынша материалдар сотқа жолданды. Барлығы 1 887 360 теңге көлемінде 8 әкімшілік шара қолданылғанын Алматының Экология және қоршаған орта басқармасы хабарлады.

«Eco Almaty» ЖШС мамандарының айтуынша, мұндай нысандар шамадан тыс түтін мен иіс шығарып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына қолайсыздық тудырады. Кәуапхана иелерімен тұрақты түрде түсіндіру жұмысы жүргізіледі: қатты отынды пайдалануға тыйым салынған, ал газбен жұмыс істейтін жабдықтарда міндетті түрде сүзгілер орнатылуға тиіс. Eco Almaty тарапынан бақылау атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, санитарлық талаптар мен қаланы көріктендіру ережелерінің сақталуын бақылау аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мен Алматы Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын қолданыстағы шектеулер туралы кәсіпкерлерге тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыр.

Abai.kz

0 пікір