Сәрсенбі, 10 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 106 0 пікір 10 Желтоқсан, 2025 сағат 13:40

Қар және көктайғақ: Алматыда бір түнде 58 жол-көлік оқиғасы болды

Сурет: Алматы полициясы сайтынан алынды.

Алматы полициясы ауа райына байланысты жол-көлік оқиғаларының саны артқанын хабарлады.

Полиция департаментінің мәліметінше, 9 желтоқсан сағат 20:00–ден бүгін сағат 06:00–ге дейін Алматыда 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 9 адам жарақат алған, қайтыс болғандар жоқ.

— Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыртуларға жедел шығып, жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуде және көшелерді қардан тазарту мен жолдарға арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетіп жатыр, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде мұқият болуға шақырды.

Abai.kz

0 пікір