Жұма, 9 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 1696 0 пікір 8 Қаңтар, 2026 сағат 17:19

Трамп: АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығады!

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Дональд Трамп АҚШ-ты 66 халықаралық ұйымнан шығару туралы жарлыққа қол қойды. Арасында БҰҰ-ның климаттың өзгеруі бойынша негіздемелік конвенциясы да бар.

Ақ үйдің хабарлауынша, бұл ұйымдар Американың "мүддесіне сәйкес емес". Хабарламаға қарағанда, мәселе БҰҰ-ның 31 құрылымы мен оған кірмейтін 35 ұйым жөнінде болып отыр.

Ақ үйдің айтуынша, бұл ұйымдардың көбі "АҚШ егемендігі мен экономикалық қуатына қайшы радикалды климаттық саясатты, жаһандық басқаруды және идеологиялық күн тәртібін насихаттайды".

Ақ үй сонымен бірге АҚШ құрамынан шығуы керек ұйымдардың да тізімін жариялады.

Дереккөзі: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір