Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4482 0 пікір 9 Мамыр, 2009 сағат 09:52

Салтанат жазған - Салтанаттар

Cалтанат Әлімқұлова, "Ар-Ай"

 

Жамбыл ауданының, Аса ауылында тұратын Гүлбаршын апайдың шаңырағында болдық. Ол кісі  келіндері жайлы сөз қозғағанда  бір емес, үш бірдей келінің аты да - Салтанат екенін біліп таңқалдым. Иә, иә біреу емес, қатарынан үшеу. Ойпырмай, не деген кездейсоқтық, таңқалып отырған менің де атым Салтанат.

 

Cалтанат Әлімқұлова, "Ар-Ай"

 

Жамбыл ауданының, Аса ауылында тұратын Гүлбаршын апайдың шаңырағында болдық. Ол кісі  келіндері жайлы сөз қозғағанда  бір емес, үш бірдей келінің аты да - Салтанат екенін біліп таңқалдым. Иә, иә біреу емес, қатарынан үшеу. Ойпырмай, не деген кездейсоқтық, таңқалып отырған менің де атым Салтанат.

 

Бір қызығы үш Салтанат та Гүлбаршын апайдың туған келіндері. Бір отбасында үш бірдей келіннің аттас болуы өмірде тым сирек кездесетін құбылыс. Сондықтан, аттас келіндер хикаясын алғаш естігенде, елең ете қалғанымызбен, біразға дейін сеніңкіремегеніміз де рас. Құдды бір серттесіп алғандай, ұлдарының таңдауының кілең аттас  қыздарға түсуі тіпті мүмкін емес қой? Әлде Жаратқанның бұйрығы  солай болды ма екен?

Санамыз сан-сақты шолып, сан түрлі ойларға ерік бердік. Алайда, кейде кездейсоқ оқиғалардан құралатын өмірдің өз заңдылығы бар екенін мойындамасқа да амалың қалмайтыны бар ғой? Біз әлдебір тылсым күштің құдіретіне сеніп, «Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайды» десек те, бір шаңыраққа түскен үш бірдей келіннің бұлайша аттас болып кездесуі ғажап-ақ екен.

Гүлбаршын апай, әу-баста келіндерінің  кім болса да тек мейір-шапағаты мол, инабатты болып кездесуін тілепті. Тұңғышы Кәдірхан келін әкелгенде қуанышы қойнына сыймай қуанған ананың алғашқы келіні - Салтанат өзі тілегендей иманды, инабатты, болып шығады. Тіпті іштей, осы үрдіс өзге ұлдарына да үлгі болса екен деп тілеген-ді. Көп ұзамай апайдың екінші ұлы Сәкен шаңырақ көтерді. Міне қызық! Бұл келінінің алғашқысына ісі мен мінезі ғана ұқсап қоймай, аттас болып шығады. Жайдары мінез, кішіпейілдігімен көзге түскен бұл келінді де ағайын-туыс аттас абысынынан артық көрмесе, кем көрмейді. Бірі - бала жанының инженері  болса, енді бірі адам тәнінің инженері болған қос келінге қызметтестері де қызыға қарайтын. Таяуда алпысты алқымдап қалған апаның сүт кенжесі Нұрбол шаңырақ көтерді. Оның да жарының есімі – Салтанат. Төрт бірдей ұлын жайландырып жүрегі жай тапқан анаға біз келіндеріңіздің барлығы бірге жиналғанда шатастырып алмайсыз ба?- деп сауал тастаған едік. Өмірден көргенінен түйгені мол ана: «Жоқ, әрқайсының есімінің алдына Ай, Күн, Жұлдыз секілді тіркестерді қосып, «айым, күнім, жұлдызым» деп атаймын» деп әдемі әзілімен көмкеріп қойды. Иә, осынау бір шаңырақ астындағы Салтанаттар «Абысын тату болса, ас көп», деген мақалды берік ұстанады.

 

Р.S.Манадан бері, әңгімені ағытып, біз қойған сұраққа биязылықпен ғана жауап қайырып отырған ана қоштасып  жатып:

- Айтпақшы, қызым сенің есімің кім еді?- деді.

- Салтанат.

- Апай, не сенерін, не сенбесін білмей аңтарылып қалды.

- Біз бір үй толы Салтанатқа сеніп тұрмыз ғой, сіз де сеніңіз, апай. Міне, -деп әзілдей тұрып, осындай көріністің болатынын сезіп алдын-ала  дайындап қойған төлқұжатымды көрсеттім.

Апай, төлқұжатқа тіктеп қараған да жоқ. Әлде не есіне түскендей  сәл ойланып тұрды да:

-Иә, иә, айтпақшы «Ар-Ай» газетінде Салтанат Әлімқұлова деген фамилия бар,- дегені, ол жағынан да көзі қарақты жан екенін сездіріп...

- Қазақтың осындай ибалы келіндері Салтанат құра берсін- дедік  біз қоштасып жатып.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340