Сабуровты сандалтқан шешім
Нұрлан Сабуров дейтін әзілкеш жігіт бар. Ұлты - қазақ. Тілі - ресейлік. Ресейде нәпақа тауып жүрген жігіт. Үй-жайы, дүние-мүлкі сол Ресейде.
Ресейлік БАҚ бүгін ұлардай шулап: "Сабуровқа Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды", - деп жазып жатыр. Нұрланның Ресейде 60 млн рубльға тең мал-мүлкі қалыпты.
Шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін", сондай-ақ заң талаптарын сақтауға және "дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғауға" байланысты қабылданған деген болжам бар.
БАҚ-тағы деректерге көз салсақ: Сабуров 6 ақпанда Мәскеуге Дубайдан ұшып жетсе, әуежайдан кіргізбей қойған көрінеді.
Ресейдің қазақтары бізге қаншалықты жақын? Біраз бұрын осы тақырыпта мақала жазған едік.
Ресейде аты танымал сайқымазақ Азамат Мұсағалиев деген бар. Ол Ресейде туып-өскен, солардың астамшылық идеологиясы санасына мықтап сіңіп, әбден зомбиланған адам. Ресейдің толық қанды азаматы. Оны қазақ екен деп босқа арамтер болу адасқандық. Ол қазақ тілінен мүлдем мақұрым.
Осы Мұсағалиев пен Нұрлан Сабуров бір жолы қазақ тілін «курлы-мурлы» деп, ашықтан-ашық мазақ еткені бар. Ресейдегі мол дүниені қимай Сабуров сандалып Ресейде күні бүгінге дейін жүрді...
Ендігі күйі мынау: "Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай алмайды" деген осы-ау!
Abai.kz