Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 8055 0 пікір 23 Қазан, 2009 сағат 06:23

Оразымбет Әлімбеков. Ақселеу харакири жасады ма?

Жақында туған жерім Шымкентке пойызбен бара жатып ойда жоқта Темірхан Медетбек, Аманхан Әлім, Маралтай Райымбекұлы, Қазыбек Иса, Әмірхан Балқыбек және тағы басқа қазақтың бетке ұстар ақындарымен сапарлас болдым. Олар Шардара қаласының мерейтойымен бірге өтетін Ә.Балқыбектің жыр кешіне қатысуға бара жатыр екен. Бәріміз кешкі ас үстінде отырып, осының алдында ғана қайтыс болған Акселеу Сейдімбекті еске алып әңгіме жасадық. «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Иса бәріміздің төмемізден жай түсіретіндей сенсация айты. Оның айтуынша, Ақселеу Сейдімбек өзіне өзі қол жұмсап өліпті. Қазақтың ел болмайтынына түңіліп, осы халге жеткізген ел басшыларына ауыр сөз айтқан хат жазып, мұнан соң өзін қайда жерлейтінін, қабірінің басында кім сөйлеп, кімнің баспасөзде қоштасу жазатынын тәптіштеген аманат қалдырыпты. Бұдан кейін ішін пышақпен орып жіберіпті. Қансырап жатқан оның үстінен түскен туысқандары дәрігер шақыртыпты. Дәрігерлер пышақ ізін көре сала полицияға хабарлаған. Бәрінің анық‑қанығын анықтаған олар басшыларының нұсқауы бойынша бұл істің дымын шығармай жауып тастапты.

Бұл әңгіменің жаны бар екенін ақын Т.Медетбек те қуаттады. Оның айтуынша, тамыз айының соңында Маңғыстауда өткен жазушы Әбіш Кекілбаевтың мерейтойында А.Сейдімбек қазақтың болашағының қамын жеп, түңіліп, ел басшыларына қаратып ауыр сын айтыпты.

Әңгіме кезінде марқұм А.Сейдімбектің жаназасына мемлекет басшыларының қатысып, президенттің арнайы көңіл айтуы да, Астана әкімі И.Тасмахамбетовтың жерлеу комиссиясын басқаруы да осы оқиғаның жанама дәлелі ретінде айтылды.

Осындай әңгімелердің анық-қанығын анықтамақ болып, елден Алматыға орала сала марқұмның жан досы болған Қойшығара Салғаринге хабарластым. Ол мұндай қаңқу сөздің айтылып жүргенін біледі екен. «Бұл әңгімені шығарып жүргендер «Ақселеу інісіне және тағы басқа бір-екі адамға тірі кезінде хат жазыпты, сондықтан ол өлетінін білген» дегенге сүйеніп қиялданып айтып жүрсе керек. Шындығында, Ақселеу 6 қыркүйекте маған да хат жазған, ал 15-інде қайтыс болды. Ол хатында маған «Қойшеке, жүрегімнен екі рет «приступ» болдым, мүмкін, үшіншісінен кетіп қалармын. Саған тілдесе алмай қалсам...» деп жазған еді. Мен оған дәрігерге қаралу керектігін айттым. Ол болса, «бәрін әурелеп қайтем, қиналмай осы жүрекетен кеткенім де жөн шығар» деген. Сондықтан ол өзінің жүректен кететінін іштей білді» деді Қ.Салғарин.

Марқұмның сүйегіне оның туыстарымен қатар Қ.Салғарин де кіріпті. Оның айтуынша, марқұмның денесінде ешбір жарақат, өзге бір дақ болмаған. «Жоғарғы қан қысымынан өлген адамдарға тән Ақселеу де ұйықтап кеткен адамға ұқсап жатты» деді ол.

Этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақселеу Сейдімбек  67 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Өзінің аманаты бойынша, ол өзінің туған жері Жаңарқаға жерленді.

«Азат» газетінен алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576