Бейсенбі, 5 Наурыз 2026
Жаңалықтар 88 0 пікір 5 Наурыз, 2026 сағат 15:24

Әзербайжан әуежай маңына Иран дроны құлады 

Сурет: аdyrna.kz сайтынан алынды.

Ираннан ұшырылған дрон Әзербайжандағы әуежай аумағына құлады, деп хабарлады Әзербайжандық БАҚ. 

Нахчыван қаласындағы әуежай маңында ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) жарылғаны хабарланды. Әуе айлағының аумағында өрт басталды.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар жариялануда.

«Бір ұшқышсыз ұшу аппараты Нахчыван Автономиялық Республикасы әуежайының терминал ғимаратына құласа, екіншісі Шекерабад ауылындағы мектеп ғимаратының жанына түсті. Біз Иран Ислам Республикасының аумағынан жасалған, салдарынан әуежай ғимаратына зақым келіп, екі бейбіт тұрғын зардап шеккен бұл ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарын қатаң айыптаймыз», - деп мәлімдеді Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі.

Abai.kz

0 пікір