Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1361 0 пікір 5 Наурыз, 2026 сағат 15:41

Щучинсктегі жарылыс: кафе иесі қамауға алынды

Сурет: inbusines.kz сайтынан алынды.

Щучинсктегі жарылыс болып 9 адам қаза тапқан "Палау орталығы" кафе иесінің Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталғаны мәлім болды.

Көкшетау мамандандырылған тергеу соты Щучье қаласындағы "Палау орталығы" кафесінің иесін қамауға алу туралы шешім шығарған.

Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, 2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау мамандандырылған тергеу соты "Палау орталығы" кафесінің иесін екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Щучинск қаласындағы кафеде газ жарылысынан алты адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Кейіннен көз жұмғандар саны жеті адамға жеткені белгілі болды.

Өкінішке қарай, 3 наурызда өрттен зардап шеккен тағы екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1052
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2599
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 737
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700