ОРК референдум қарсаңындағы үгіт пен қоғамдық пікірге сауал жүргізу қағидаларын түсіндірді
Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік республикалық референдум қарсаңында үгіт жүргізу және қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялауды реттейтін заңнаманың негізгі талаптарын еске салды.
Оның айтуынша, «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкесреферендумның қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнiүгiт жүргiзуге тыйым салынады.
«Ертен сағат 00.00-де үгіт кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап«тыныштық күні» басталады. Бұл дегеніміз, 14 наурызда және дауысберу күні - 15 наурызда кез келген үгітке тыйым салынғанын білдіреді. Бұл талаптар заңнамамен белгіленген және электоралдық үдерістіңбарлық қатысушылары үшін міндетті», - деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.
Дауыс беретiн жайлардан басқа жерлерде бұрын iлiнген баспаүгiт материалдарының, плакаттардың бұрынғы орындарында сақталуымүмкiн.
Ләззат Сүйіндік қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу ережелеріне жекелей тоқталды.
«Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-1-бабына сәйкес, мұндай сауал салулар «ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдабелгіленген талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.
Атап айтқанда, аталған заңның 28-бабының 9-тармағы дауысберу күнінен бес күн бұрын және дауыс беру күні тікелей қоғамдықпікірге сауал салу нәтижелерін, референдумның алдын-ала қорытындылары және референдуммен байланысты басқа да зерттеулерді бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда жариялауға тыйым салады.
«Заң сондай-ақ дауыс беру күні қоғамдық пікірге сауал салудыжүргізуге нақты талаптарды белгілейді. Олар дауыс беруге арналғанүй-жайда немесе пунктте өткізілмейді. Мұндай сауалдар тек учаскеліккомиссиясының шыға берісінде және тиісті түрде Орталықреферендум комиссиясын хабардар еткен заңды тұлғалар жүргізеалады», – деп атап өтті Ләззат Сүйіндік.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Abai.kz