Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1134 0 пікір 13 Наурыз, 2026 сағат 17:10

АҚШ-тың Мичиган штатында синагогада атыс болды

Сурет: NBC news сайтынан алынды

Бейсенбі күні АҚШ-тың Мичиган штатында Детройт маңындағы синагогада белгісіз біреу күзет қызметкерлерімен атысты деп хабарлады жергілікті полиция. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

"Қазіргі кезде біреудің зардап шеккені туралы мәлімет расталмады, атыс болғаны туралы ақпарат бар" деді Окленд аймағының шерифі Майкл Бушар.

Ізінше ақпарат құралдарында "Израиль храмы" синагогасындағы атыс кезінде күдіктінің мерт болғаны мәлім болды.

Шериф Бушарға сүйенген CNN-нің жазуынша, күдікті синагогаға өз көлігін жібергеннен кейін қаза болған. Оны күзет байқап қалып, оқ атқан. Төтенше оқиға болған аумақ маңындағы мектептен оқушылар эвакуацияланған, ал тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілген.

Америка мен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына байланысты елде жағдай күрделенген шақта оқиға орнына көп құқық қорғау қызметкері жіберілген.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1232
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2759
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 889
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 837