Header Banner
Сәрсенбі, 18 Наурыз 2026
Аласапыран 114 0 пікір 18 Наурыз, 2026 сағат 12:52

Трамп НАТО-ға қатты өкпелі...

Сурет: aa.com.tr сайтынан алынды.

Дональд Трамп АҚШ бұдан былай НАТО одақтастарының көмегіне мұқтаж емес екенін мәлімдеді:

«НАТО-дағы одақтастарымыздың басым бөлігі Таяу Шығыстағы Иранның террористік режиміне қарсы әскери операциямызға қатысқысы келмейтінін бізге хабарлады. Соған қарамастан, іс жүзінде барлық елдер біздің әрекеттерімізбен және Иранның ешбір жағдайда ядролық қаруға ие болмауы керектігімен толық келіседі.

Бұл мені таңғалдырмайды, өйткені мен әрқашан НАТО-ны біржақты қозғалыс жүйесі деп санадым. Біз осы елдерді қорғау үшін жылына жүздеген миллиард доллар жұмсаймыз, бірақ олар бізге қайтарым ретінде ештеңе жасамады. Әсіресе, бұл өте қажет болған сәтте.

Бақытымызға орай, біз Иранның әскери әлеуетіне күйрете соққы беріп үлгердік. Олардың флоты мен әскери-әуе күштері жойылды, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және радиолокациялық жүйелері істен шықты. Ең бастысы — олардың барлық жоғарғы шенді басшыларының көзі жойылды. Енді олар ешқашан бізге де, Таяу Шығыстағы одақтастарымызға да, бүкіл әлемге де қауіп төндіре алмайды.

Біздің әскери табыстарымызды ескерсек, бізге НАТО елдерінің көмегі бұдан былай қажет емес. Ол бізге ешқашан керек болған да емес. Бұл Жапония, Австралия және Оңтүстік Кореяға да қатысты.

Әлемдегі ең қуатты мемлекет — АҚШ Президенті ретінде айтарым — біз ешкімнің көмегіне мұқтаж емеспіз!», — деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, осыған дейін Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін НАТО елдерінен және Жапония мен Оңтүстік Корейдан көмек сұрап, коалиция құруды ұсынған.

Алайда:

- Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен Ормуз бұғазына әскери кемелер жіберуден бас тартып, көмектің баламалы жолын іздеп жатқанын айтқан.

- Жапония болса, АҚШ-тан операцияға қатысу туралы ресми сұраныс түспегенін айтты. Премьер-министр Санаэ Такаити Токионың кемелер мен экипаж мүшелерінің өмірін қорғау жолдарын қарастырып жатқанын, бірақ ел заңнамасы мұндай операцияларға қатысуға айтарлықтай шектеу қоятынын айтты.

- Франция мен Оңтүстік Корей де соғыстың белгісіз мерзімге созылып кетуінен қорқып, әскери кемелерін жіберуге дайын емес.

- Германия Ормуз бұғазындағы кез келген әскерилендірілген миссияға қатыспайтынын ашық білдірді. «Бұл біздің соғыс емес. Оны біз бастаған жоқпыз», - деді.

Abai.kz

0 пікір