Дүйсенбі, 23 Наурыз 2026
Жаңалықтар 174 0 пікір 23 Наурыз, 2026 сағат 17:46

Қарағанды облысында «Тазару күніне» 10 мыңға жуық тұрғын қатысты

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қарағанды облысында өткен «Тазару күні» экологиялық акциясына 10 мыңға жуық тұрғын белсене қатысып, Наурызнама онкүндігін мазмұнды түрде қорытындылады.  Ауқымды шара барысында өңірде 1,5 мың гектар аумақ тазартылып, шамамен 30 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Тазалық күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылды. Барлық қала мен аудандарда еріктілер, студенттер, еңбек ұжымдары мен эко-белсенділер жұмылып, тазалық, жауапкершілік және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дәріптеді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

«Тазару күніне» орай «Тазалық эстафетасы», «TazaLike» экофестивальдері, сондай-ақ «Өзіңнен баста» жастар акциясы өтті.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Қарағанды қаласында Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы гүлзарды тазалауға шамамен 3 мың адам қатысты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Игі іске жергілікті билік өкілдерімен қатар жастар және еріктілер ұйымдары да қолдау білдірді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сонымен қатар қала аумағында саябақтар, гүлзарлар мен қоғамдық кеңістіктер кешенді түрде тазартылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Теміртауда «Тазару күні» акциясына Qarmet компаниясының металлургтері қатысып, қаланың орталық саябақтары мен алаңдарын ретке келтірді.

Шахтинск қаласында еріктілер қарттарға қолдау көрсетуге басымдық берді: «Ардагерім – ардағым» акциясы аясында жалғызбасты зейнеткерлердің аулалары тазартылып, абаттандырылды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Жалпы облыс бойынша тұрғындар аулалар мен қоғамдық кеңістіктерде тазалық жұмыстарын белсенді жүргізді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Сонымен қатар «Таза аула» экологиялық челленджі бастау алып, бір ай ішінде ең үлгілі әрі абаттандырылған аула аумақтары анықталатын болады.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Abai.kz

0 пікір