Сейсенбі, 31 Наурыз 2026
Әне, көрдің бе? 115 0 пікір 31 Наурыз, 2026 сағат 13:22

Заңгер Әділетхан Молдахан не үшін қамауға алынды?

Суреттер: stan.kz, ulysmedia.kz сайттарынан алынды.

Өткенде түнгі Алматыда, Әл-Фараби даңғылында орын алған жол апаты көпшілікті дүрліктіргені жасырын емес. Бірнеше адамның өмірін қиған бұл оқиға туралы алғашлардың бірі болып ашық пікір білдірген заңгер – Әділетхан Молдахан еді. Бүгін заңгер Молдаханның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады.

Әділетхан апаттың мән-жайын жариялап, бірнеше адамның атын атаған еді. Оның әріптесі Нұртуған Өмірзақ әлеуметтік желідегі жазбасында: «Түнгі 23:45. Біз полиция департаментінің алдына келдік. Әділетхан бауырымыз тергеуге шақырылды. Біз адвокат куәлігін көрсеттік, бірақ ішке кіргізбей, ешқандай түсініктеме бермей отыр», – деп жазды.

Сол бір жол апатынан үш адам қаза тауып, оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған. Заңгердің айтуынша, сол түні бірнеше автокөлік, оның ішінде «Zeekr» көлігі Достық даңғылынан бастап заңсыз жарыс ұйымдастырып, Әл-Фараби арқылы сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүйткіп өткен. Сонымен қатар, кейбір көліктердің жалған нөмірмен жүргені анықталған, олардың арасында полицияның жоғары лауазымды қызметкеріне тиесілі болуы мүмкін көліктер де бар.

Қазіргі уақытта полиция департаменті заңгердің ұсталуы жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қоғам бұл оқиғаның жаңа қырын білгісі келеді: заңсыз жарыс пен жол қауіпсіздігі мәселесі, құқық қорғау органдарының ықтимал қатысы–барлығы әлі толық ашылған жоқ.

Abai.kz

0 пікір