Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1287 0 пікір 14 Сәуір, 2026 сағат 15:36

Бектенов монополияға қарсы бақылауды күшейтпек

Сурет: Үкімет сайтынан алынды.

Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты. Тарифтік саясат болжамды әрі инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс екендігіне тоқталды.

"Тарифтік саясат болжамды әрі инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс. Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері тарифтер мен бензин бағасына мораторийдің аяқталуына байланысты олардың инфляция деңгейіне үлесін жоғарылатпау үшін шаралар қабылдауы қажет", – деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы нарықтарды жүйелі түрде демонополизациялап, азық-түлік, отын, көлік және коммуналдық қызмет нарықтарында монополияға қарсы бақылауды күшейту керектігін баса айтты.

"Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және салалық мемлекеттік органдармен бірге аталған бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруы қажет", – деді Олжас Бектенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 418
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1529
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 391
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 367