Жасарал Қуанышәлин Жоғарғы кеңесте не деп еді?
Тәуелсіз Қазақстан саясатында, еліміздің 90-шы жылдардан бергі саяси өмірінде өзінің табанды күрескерлігімен танылған қоғам қайраткері, саналы ғұмырының көп жылын оппозицияда өткізген марқұм Жасарал Қуанышәлинді білмейтін адам санаулы шығар.
Еңбек жолын Алматыда журналист, ЖОО оқытушысы болып бастаған Жасарал Қуанышәлин 1990 жылдардан бастап, ғұмырының соңына дейін елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласты.
Ол 1990 жылдары «Азат» қозғалысының басшыларының бірі болды. 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің депутаты болды.
Жасарал Қуанышәлин 2023 жылдың 18 мамырында 75 жасында дүние салды.
Бүгін біз Жасарал Қуанышәлиннің 1994 жылы ҚР Жоғарғы кеңесінде сөйлеген сөзінің архивтік жазбасын оқырман назарына ұсынамыз...
Abai.kz