Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3434 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 10:54

Қазақстанда мұнай өнімдерінің «көлеңке» айналымына байланысты қылмыстардың саны 88% артты – қаржы полициясы

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Биылғы жылдың қаңтар-қырқүйегінде қаржы полициясының органдары мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы саласында 167 қылмыстық іс қозғады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88% көп. Бұл туралы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

Оның ақпараты бойынша, жанар-жағармай материалдарының «көлеңке» айланымынан алынған заңсыз кірістің сомасы 72 млрд 22 млн теңгені құрады.

«Ондай қылмыстардың негізгі бөлігін мұнай өнімдерін сақтау және сату саласындағы заңсыз кәсіпкерлік оқиғалары құрап отыр. Қаржы полициясы органдарының статистикасы көрсетіп отырғандай, жанар-жағармай құю станцияларында мұнай өнімдерін заңсыз сатумен негізінен жеке кәсіпкерлер айналысады», - деп түсіндірді ол сәрсенбі күні брифингте.

Бұдан басқа, мұнай мен мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен елге әкелу де мемлекетке миллиардтаған теңгенің шығынын келтіріп отыр. Мысалы, жыл басынан бері қозғалған қылмыстық істер бойынша анықталған шығынның көлемі 2 млрд 481 млн теңгені құрады.

М. Жұманбай атап көрсеткендей, Ақтөбе облысында «КНПЗ-Трейд» ЖШС басшылары және кедендік бақылау департаментінің қызметкерінен құралған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Топтың мүшелері жалпы алғанда 13 жылға бас бостандықтарынан айырылды, ал кедендік бақылаудың қызметкері мүлкін тәркілеумен 4 жылға сотталды.

Бұл адамдар шикі мұнайды композит ретінде ел аумағынан контрабандалық жолмен шығару арқылы мемлекетке 558,4 млн теңгенің шығынын келтірген.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5557