Астанада «Мұз айдынындағы чемпиондар» шоуы өтті
Астанада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтті. Қойылым «Барыс Арена» мұз сарайында ұйымдастырылып, оған 9 мыңнан астам көрерменді жиналды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Шоуды танымал бапкер Этери Тутберидзе басқарды. Мұз айдынына әлемдік мәнерлеп сырғанау спортының жұлдыздары – Элизабет Тұрсынбаева, Алина Загитова, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және өзге де атақты спортшылар шықты.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шоуға деген қызығушылық өте жоғары болды. Чемпиондардың өнерін тамашалауға тек елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның түрлі өңірлерінен, сондай-ақ жақын әрі алыс шетелдерден келген көрермендер жиналды.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Мұндай ауқымды іс-шаралардың өткізілуі Астананың халықаралық спорттық және мәдени жобаларды өткізе алатын маңызды алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.
Abai.kz