Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды
Ол бұрын атқарған қызметінен босатылды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
49 жастағы Нәлібаев 2022 жылдың сәуірінен бері Қызылорда облысын басқарған. Ашық дереккөздерде Нәлібаев бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау министрі, 2023 жылы қайтыс болған Бердібек Сапарбаевтың туған інісі деп көрсетілген.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайды қызметтен босатып, оның орнына Роман Склярды тағайындаған еді. Роман Скляр 2022 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болған.
Abai.kz