Алматы жастар орталығының әлеуеті күшеюде: сәуір жобалары түрлі топтарды қамтып, жаңа күн тәртібін қалыптастырды
Алматы жастар орталығы ретіндегі ұстанымын күшейтуде: жобалар түрлі топтарды қалай қамтып, жаңа күн тәртібін қалыптастырып отыр
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасыбойынша мегаполисте жастар ортасын дамытуға, бастамалардықолдауға және жас қала тұрғындарының өзін-өзі жүзеге асыруынажағдай жасауға бағытталған кешенді саясат жүйелі түрде іскеасырылуда. Жастар саясатын дамыту қалалық күн тәртібінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Бұл бағыттағы негізгі міндет— белсенді, бәсекеге қабілетті және қоғамдық өмірге тартылған ұрпаққалыптастыру.
Осы жұмыс аясында Алматы қаласы Жастар саясатыбасқармасы спорт, шығармашылық, ғылым, білім беру және әлеуметтікбелсенділікке дейінгі жастармен жұмыстың негізгі бағыттарынқамтитын ауқымды жобалар кешенін іске асыруда. Бұл қызмет жүйелісипатқа ие және тек іс-шаралар ұйымдастырумен шектелмей, жастарүшін тұрақты мүмкіндіктер инфрақұрылымын қалыптастыруғабағытталған.
Қалада жастармен жұмыстың жүйелі моделі кезең-кезеңіменқалыптасып келеді. Мұндағы басты бағдар — тек іс-шара өткізу емес, ұзақ мерзімді даму мүмкіндіктерін құру. Нәтижесінде студенттерді, жұмыс істейтін жастарды, жас мамандарды, волонтерлерді жәнекреативті қауымдастық өкілдерін қамтитын көпқабатты тарту жүйесіқалыптасуда. Іске асырылып жатқан жобалар аясында барлығы 15 000-нан астам жас қамтылды.
Аналитикалық деректерге сәйкес, тек үш негізгі жоба — ALMA CUP 2026, Youth Nomads және Jas Gala бойынша қатысушылардыңжиынтық қамтылуы тікелей қатысушылар мен тартылғанаудиторияларды қоса алғанда 7 мыңнан астам адамды құрады. Бұған қоса, мыңдаған жас білім беру, ғылыми және әлеуметтікбастамалар, сондай-ақ digital-алаңдар мен пайдаланушылар жасағанконтент арқылы қамтылды.
Іс-шаралар құрылымы қағидатты түрде жаңа тәсілді көрсетті: жобалар салалық қағида бойынша емес, жастардың әртүрлі«қабаттарын» қамту логикасына сәйкес құрылған. Негізгі назар мынатоптарға аударылды:
· студент жастар — білім беру, шығармашылық, спорт;
· базарлар мен нарықтарда жұмыс істейтін жастар;
· жас мамандар мен аналитиктер;
· волонтерлер және әлеуметтік белсенді топтар;
· креативті индустрия қатысушылары.
Осылайша, іске асырылып жатқан модель жекелеген іс-шаралардан жүйелі жастар саясатына көшуді көрсетеді. Бұл модельдежастардың әрбір санаты үшін өзіне тән кіру нүктесі қалыптасып, жастардың өзі қалалық процестердің белсенді қатысушысынаайналуда.
Спорт — жаппай тартудың қозғаушы күші
Орталық жобалардың бірі — қала студенттері мен жастарыарасынан 1500-ден астам қатысушыны біріктірген жоғары оқуорындары арасындағы ALMA CUP 2026 турнирі болды.
Жоба бұқаралық спортқа тұрақты сұраныстың бар екенін көрсетті: футзал, волейбол, баскетбол бойынша ондаған команда, сондай-ақұлттық спорт түрлерінің өкілдері қатысты. Жобаның негізгітұжырымдамасы кең жастар аудиториясы үшін қолжетімді спорттықорта қалыптастыруға бағытталды. Турнир форматы әуесқой деңгейгебейімделіп, оның қолжетімділігін және қатысушылардың жоғарыдеңгейде тартылуын қамтамасыз етті.
Маңызды нәтижелердің бірі — жобаның цифрлық әсері болды: жоба бойынша контенттің жиынтық қаралымы 870 мыңнан асты, оныңішінде аудиторияның шамамен 75%-ын жаңа пайдаланушыларқұрады. Осылайша, жоба тек спорттық іс-шара ғана емес, салауаттыөмір салтын қалыптастыруға, жастар арасындағы байланыстардыдамытуға және қауымдастықты нығайтуға ықпал еткен әлеуметтікплатформа ретінде де көрінді. Нәтижесінде ALMA CUP 2026 жобасыбұқаралық спортты дамыту және жастар арасында белсенді өмірлікқұндылықтарды ілгерілету бойынша кешенді міндет атқарды.
Тартудың жаңа топтары: базар жастары
Жұмыстың жеке бағыты бұрын қалалық бастамаларда жеткіліктідеңгейде қамтылмаған жастарды тартуға арналды. Бұл ретте базар жастары арасында іске асырылған Youth Nomads жобасы ерекшемаңызға ие.
Жобаның негізгі мақсаты — жастар арасында ұлттық спорт түрлерін дамыту және кеңінен насихаттау, сондай-ақ салауатты өмірсалтын ілгерілету.
Жоба аясында:
· 25-тен астам базар қамтылды;
· қатысушылардың жалпы саны 1000 адамнан асты;
· финалдық кезеңге 200-ден астам қатысушы жиналды.
Өткен жылмен салыстырғанда қатысушылар саны екі есегеартты. Бұл таңдалған форматтың жоғары тиімділігін көрсетеді.
Жобаның басты нәтижесі — алдағы уақытта қалалық жобаларғатартылатын тұрақты жастар қауымдастығы — «Базар жастарының» қалыптасуы болды.
Креативті жастар және мәдени күн тәртібі
Қалалық күн тәртібінде жастардың шығармашылық әлеуетіндамыту маңызды орын алады. Jas Gala фестивалі қаланың 26 жоғарыоқу орнының студенттерін біріктірді.
Бес бағыт бойынша — вокал, хореография, мобилография, театр және басқа да шығармашылық салалар бойынша барлығы 2267 өтінімтүсті.Фестиваль өзін-өзі жүзеге асыру алаңы ғана емес, сонымен қатарзаманауи технологияларды енгізу кеңістігіне айналды. Атап айтқанда, байқауларда жасанды интеллект құралдары белсенді қолданылды, ал тақырыптық мазмұн ұлттық мәдениет пен тарихпен ұштастырылды.
Жобаның open air форматындағы финалдық кезеңіне 5000-нан астам адам қатысып, бұл жастардың мәдени мобилизациясыныңауқымын көрсетті.
Білім және ғылым: интеллектуалды күн тәртібінқалыптастыру
Білім мен ғылым қаладағы жастар саясатын дамытудың негізгібағыттарының біріне айналуда. Бұл ретте бәсекеге қабілетті мамандардаярлауға және жастардың интеллектуалды әлеуетін дамытуғабағытталған заманауи білім беру және ғылыми инфрақұрылымқалыптастыруға ерекше назар аударылуда.
Қалада интеллектуалды дамудың экожүйесін қалыптастыратынбірқатар бастамалар іске асырылуда. Олардың қатарында ArizonaState University серіктестігімен халықаралық Innotech университетініске қосу, «Талдау мектебі. Алматы» жобасы, ғылыми жобалардыгранттық қаржыландыру және ғылымды танымал етуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде Ғылым аллеясын ашу бар.
Бұл жобалардың ерекшелігі — олардың тәжірибеге бағытталғансипатында. Классикалық білім беру форматтарынан айырмашылығы, басты назар қазіргі қалалық экономикада сұранысқа ие қолданбалықұзыреттерге аударылған.
Қатысушылар урбанистика мен экологиядан бастап цифрлықэкономика мен туризмге дейінгі қаланы дамытуға қатысты нақтыкейстермен жұмыс істеуге, деректерді талдау және стратегиялықойлау дағдыларын дамытуға, сондай-ақ қалалық басқару үшіншешімдер әзірлеуге қатысуға мүмкіндік алады.
Ғылыми әлеуетті қолдаудың қосымша құралы ретінде гранттыққаржыландыру іске қосылды. Бағдарлама қала үшін қолданбалышешімдер ұсынатын жас ғалымдар мен зерттеушілерге бағытталған.
Осылайша, білім беру және ғылыми бастамалар жастар үшінжаңа мүмкіндіктер траекториясын қалыптастырады:
· қала ішінде халықаралық деңгейдегі білім алу;
· қолданбалы аналитикалық жобаларға қатысу;
· гранттық қаржыландыруға және зерттеулерді қолдауға қолжеткізу;
· қалалық басқарудың нақты процестеріне тартылу.
Жиынтығында бұл қалада тұрақты интеллектуалды өзек — өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, болашақтың күн тәртібінқалыптастыра алатын жас мамандар қауымдастығын қалыптастыруғажағдай жасайды.
Әлеуметтік және экологиялық бастамалар
Күн тәртібінің маңызды бөлігі әлеуметтік жауапкершіліктіқалыптастыруға бағытталған жобалар болып қала береді. Жастар«Таза Қазақстан» сияқты экологиялық акцияларға, сондай-ақ құқыққорғау органдарымен бірлескен профилактикалық іс-шараларға белсенді қатысуда.
Мұндай форматтар жастардың белсенді азаматтық ұстанымынғана емес, қалалық ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын да қалыптастыруға ықпал етеді.
Қорытынды: жастар саясатының жүйелі моделіне көшу
Іске асырылып жатқан жобаларды талдау Алматыда үш негізгіқағидатқа негізделген жастар саясатының жаңа моделі қалыптасыпкеле жатқанын көрсетеді:
· жаппай қамту және қолжетімділік;
· түрлі әлеуметтік топтарды тарту;
· офлайн және digital-форматтарды біріктіру.
Нәтижесінде қала жай ғана белсенді жастарды емес, қалалықортаны дамытуға және Алматының болашағын қалыптастыруға қатысаалатын тұрақты қауымдастықтарды қалыптастырып отыр.
Abai.kz