Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3208 0 пікір 29 Қазан, 2009 сағат 06:51

Қытайлық CRBC және итальяндық Impregilo S.p.A Алматы-Қорғас автожолын қайта жөндеу жобасын жүзеге асыруға байқауда үміткерлер деп жария етілді

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ -  Қытайлық CRBC және итальяндық Impregilo S.p.A Алматы-Қорғас автожолын қайта жөндеу жобасы бойынша тендерде үміткерлер деп жария етілді, деп хабарлайды көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап көрсетілгендей, ҚР көлік және коммуникация министрлігінде сәрсенбі күні концессиялар бойынша конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті, оның барысында Алматы-Қорғас учаскесін қайта жөндеу және пайдалану жобасын жүзеге асыру үшін концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысушылардың конверттері ашылды.

«Конверттерді ашу сәтінде конкурстық өтінімдерді екі үміткер берген, олар – жолдар мен көпірлер құрылысын жүргізетін қытайлық (CRBC) компания және «Импреджило» (Impregilo S.p.A) итальяндық компаниясы», -  деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Автожолдың ұзындығы  – 301 шақырым, құрылыстың құны ТЭН-ге сәйкес 169 млрд теңгені құрайды. Қайта жөндеу барысында жолдың осы учаскесін 4 жолақты қозғалыспен I техникалық категорияға жеткізу жоспарланған.

ҚР көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов отырыста бұл учаске «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің бөлігі болып табылатынын, осыған байланысты оның жүзеге асырылуы айрықша бақылауда болатынын атап көрсетті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552