Жұма, 8 Мамыр 2026
Жаңалықтар 66 0 пікір 8 Мамыр, 2026 сағат 14:33

Ел басшысы Тоқаев Рим Папасын құттықтап, Астанаға шақырды

Сурет: Ақорда сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы XIV Леоны Понтифик болғанына бір жыл толуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы хатта Понтификтің бейбітшілік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйекті уағызы адами қадір-қасиетті дәріптеп, халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен. Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланыстарды одан әрі тереңдету ниетін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да растады.

— Сіздің сапарыңыз серіктестігімізге жаңа мазмұн дарытып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенімдімін, — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Папа XIV Леоға ізгі мұратын іске асыру жолында зор денсаулық және қажымас қайрат тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2092
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1598