Сейсенбі, 12 Мамыр 2026
Жаңалықтар 101 0 пікір 12 Мамыр, 2026 сағат 14:56

Әлем чемпионаты: Қазақстан бес медаль жеңіп алды

Сурет: prosports.kz сайтынан алынды.

Мысырдың Исмаилия қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы халықаралық додада бес медаль жеңіп алды. Барлық жүлде 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде олжаланды.

Жұлқа көтеру сайысында Әлихан Әскербай 161 келіні бағындырып, күміс медаль иеленді. Ал серпе көтеруде Ерасыл Сәулебеков 199 келімен топ жарды. Бұл жаттығуда Әскербай 194 келіні көтеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Қос спортшы қоссайыс қорытындысында да үздіктер қатарынан көрінді. Ерасыл Сәулебеков 356 келі нәтижемен күміс медаль алса, Әлихан Әскербай 355 келімен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, 65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бейбарыс Ерсейіт жұлқа көтеруде 131 келіні еңсеріп, жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2557
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1775