Бейсенбі, 14 Мамыр 2026
110 0 пікір 14 Мамыр, 2026 сағат 11:13

Астанада бір апта бойы ыстық сусыз қалған тұрғындардың мәселесі «AMANAT» партиясының араласуынан кейін шешімін тапты

Сурет: amanatpartiasy.kz сайтынан алынды.

Елордадағы «Кенесары» тұрғын үй кешенінің тұрғындары бір аптадан астам уақыт бойы ыстық сусыз отырған. Мәселенің туындауына Пәтер иелері кооперативінің бұрынғы және қазіргі төрағаларының араларындағы дау-дамай себеп болған.

Тұрғындар экс-төрағамен ортақ келісімге келе алмай, тиісті мемлекеттік органдарға бірнеше мәрте жүгінген. Алайда мәселе ұзақ уақыт бойы шешілмеген.

Кейін тұрғындар әлеуметтік желі арқылы шағымдарын жариялап, жағдай «AMANAT» партиясының назарын аударды.

Партияның Астана қалалық филиалы мәселені бақылауға алып, екі тараппен де кездесу өткізді. Тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде мәселе жедел түрде шешіліп, бес жүзге жуық тұрғынға ыстық су қайта берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2713
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1836