Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1262 0 пікір 20 Мамыр, 2026 сағат 16:57

Ақмола: Бестөбе кенішіне кірген екі адам ажал құшты 

Сурет: Qamshy.kz сайтынан алынды.

Ақмола облысындағы кеніште опырылған тау жынысы екі ер адамды басып қалған. Олардың заңсыз кен іздеуге келгені айтылуда.

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні «Қазақалтын» ЖШС-не қарасты «Орталық» шахтасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, шахтаның 610-горизонтында тау жынысы опырылып, екі адам үйінді астында қалған.

Оқиға орнына жеткен тау-кен құтқарушылары апат болған жерге дейін шамамен бір жарым шақырым жол жүріп өткен. Алайда құтқару жұмыстары кезінде ер адамдар жер бетіне тіршілік белгілерінсіз шығарылған.

Қаза тапқандардың жасы 38 және 21-де болғаны белгілі. Олар Солтүстік Қазақстан облысынан келген. Алдын ала ақпарат бойынша, ер адамдар заңсыз кен іздеумен айналысқан.

Ақмола облыстық Полиция департаменті аталған факі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін де сол Ақмола облысындағы Бестөбе кенішіне заңсыз кірген ер адамның қаза болғаны айтылған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1382
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2963
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 966