Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2519 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 11:15

Астана басшылығы тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун бейсенбі күні бірқатар тұрғын үй кешендерінің, соның ішінде «Шар Құрылыс» ЖШС мен «BI Group» салып жатқан «Ертегі әлемі» кешенінің  және «Зүбәржат квартал» кешенінің бірінші кезегінің құрылыс орындарын аралады.

Бұл нысандардың құрылысы «Самұрық-Қазына» мемхолдингінің қаржылай қолдауы шеңберінде аяқталып жатыр.

«Қазіргі уақытта жеңілдетілген ипотека ашылды, ол «Еуразиялық банк» және «Қазкоммерцбанк» арқылы жылына 10-10,5% беріледі», - деді С.Хорошун нысандарды аралау кезіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Ертегі әлемі» шілде айында, «Зүбәржат квартал» жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Шар Құрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Жанна Бектемірова мәлімдегендей, «Ертегі әлемі» Тұрғын үй кешенінен пәтерді $1000/м2 бағамен сатып алуға болады, кешенде  537 пәтер бар, олардың 124-і үлескерлерге тиесілі, ал қалған пәтерлерді сату әлі басталған жоқ.

Өз кезегінде «BI group» АҚ басқарма төрағасы Асхат Омаров «Зүбәржат квартал» ТК-дан пәтер алу үшін жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алуға «Қазкоммерцбанкке» азаматтардан түскен 500 өтініштің 60-ын банк қанағаттандырып отырғанын хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2553
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5461
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4775