Жұма, 12 Маусым 2026
Саңлақ 127 0 пікір 12 Маусым, 2026 сағат 14:45

Футболдан әлем чемпионаты басталды

Сурет: BAQ.KZ сайтынан алынды

Қазақстан аумағында турнир ойындары Qazsport және Qazaqstan телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесулердің басым бөлігі елімізде түнгі немесе таңғы уақытта өтеді.

Әлем чемпионатының алғашқы ойынында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамалары кездесті. Бұл 2010 жылғы әлем чемпионатының ашылу матчының қайталануы болмақ. Ол кезде командалар 1:1 есебімен тең түскен еді. Ал әйгілі «Ацтека» стадионы тарихта үшінші рет әлем чемпионатын қабылдаған алғашқы арена атанады.

Алғашқы ойын күні Оңтүстік Корея мен Чехия құрамаларының матчымен аяқталады. Кездесу Мексиканың Гвадалахара қаласындағы (Сапопан) «Акрон» (Estadio Akron) стадионында өтеді. Қазақстан уақыты бойынша ойын 12 маусым күні таңғы сағат 07:00-де басталады.

Мехикодағы Ацтека аренасында Мексика құрамасы мен ОАР командасының кездесуінде төреші үш қызыл қағаз көрсетті.

Кездесудің 49-минутында бас төреші, бразилиялық Вилтон Сампайо мексикалық Бриан Гутьерреске қарсы соңғы үміт ережесін бұзғаны үшін ОАР жартылай қорғаушысы Сфифело Ситхоулуға қызыл қағаз көрсетті. Кейін VAR көмегімен бейнеқайталымды қарап шыққан төреші дөрекі ойыны үшін ОАР құрамасының тағы бір ойыншысы Темба Званені де алаңнан қуды.

Ал матчтың 90+2-минутында гол соғудың айқын мүмкіндігін болдырмағаны үшін Мексика құрамасының капитаны Сесар Монтес қызыл қағаз алды.

Бұған дейін әлем чемпионатының ашылу матчында ең көп дегенде екі ойыншы алаңнан қуылған болатын. Мұндай жағдай 1990 жылы Италияда өткен әлем чемпионатының Аргентина мен Камерун құрамалары арасындағы алғашқы ойынында тіркелген еді. Ол кездесуде камерундық қорғаушы Андре Кана-Бийик тікелей қызыл қағаз алса, оның отандасы Бенжамен Массинг екі сары қағаздан кейін алаңнан кеткен.

Abai.kz

0 пікір