Сәрсенбі, 17 Маусым 2026
137 0 пікір 17 Маусым, 2026 сағат 16:14

Қорғаныс мақсатындағы құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Сурет: gov.kz сайтынан алынды.

Әскери прокурорлар әскери мүліктің сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің біріне тиесілі, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер учаскесінің 1999 жылы заңсыз түрде жеке меншік құрылымдардың пайдасына берілгенін және кейіннен бірнеше мәрте қайта сатылғанын анықтады.

Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп, сот тәртібімен сатып алу-сату шарттарының жарамсыз деп танылуын қамтамасыз етті.

Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.

Көрсетілген бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Abai.kz

0 пікір