Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3947 0 пікір 2 Қараша, 2009 сағат 08:14

Дат, Хан ием! Дат,Баһадүр бабалар!

Иілген басты қылыш кеспес болар...

Өткенде ғана абыз ағамыз Әбіш Кекілбайдың «хартленд» пен ұлы жыраулар өсиетін дәріптеп жүрген Бекболат Тілеухан айтқан «Қазақия» атынан...

Кешегі мен бүгінді, бүгінгі мен ертеңді айыра алмайтын билігіміз бен қоғамымыздың атынан...

Тұмсығын көкке тіреп ұлыған көкбөрілі байрағын ұмытып, бойынан бабалар рухын өшірген ұрпақтарың үшін...

Есімханның Ескі жолын, Қасым ханның қасқа жолын, Ұлы  заңымыз - Жеті жарғыны жер етіп, Абайдан айнып, Алаш мұратын аяқ асты еткен  жетесіз ұрпақтарың үшін...

Асан Қайғы бабамыз жел маясымен желіп жүріп тапқан Жерұйықты, ұрандатқан далаңды ата жауыңның табанына тастап уға бөктіріп, Семей, Тайсойған, Азғыр, т.б.  атты сынақ алаңдарына айналғадырғанымыз үшін...

Сайыннан саяқ құрлы сая таппай, сарыла ауған сайғақтарымыз бен сары ала құстарымыз үшін...

Жаңа дәуір басталды ма деген кезде үрейден арыла алмай  Сталиннің қорқау өкіметі  мен өзіміздің шолақ белсенділер қолдан жасаған геноцидті әшкере етуден жалтақтап, залым саясаттың зарпынан қорқып отырған бүгінгі саясат үшін...

Қазақтың басынан өткен зұлмат пен қилы замандарды ұмытқанымыз үшін...

Сіздер қалдырып кеткен ұлан ғайыр даланың байлығын шашып барын базарлы ете алмай отырған бейшара халіміз үшін...

Намыс пен рухтың күйзелісін рудың күйзелісіне тіреп, бабалар мұрасы тіліміз бен ділімізді  мәңгүртизмнің алдында мәжбүри күйге келтіргеніміз үшін...

Сіздер ту жайқалтқан жасыл өлкені жауға бермеймін деп атқа қонған хан Кененің жоғалған басын таба алмай, ерлік пен елдікті, ерік пен жігерді, ар мен ұжданды дағдарысты жағдайға түсіргеніміз үшін...

«Біз қазақпыз!» деген аруақты ұран көтеріп, жаһанға жария еткен жеріңді қарынын майлап тойынған әлдекімдердің ойыншығы етіп, құлдық ұрып «қазақстандық» атанып, сормаңдай ұлтқа айналған ұрпағыңды ұлтарақ құрлы көрмеген бүгінгі дүмбілез билік үшін...

Өздерің бөлінген көшпелі өзбектей өсіп өніп, жапырақ жая алмай отырған жалаң бұт күйімз бен сіздердің немене шөпшектеріңіздің ұлы далаға жолатпаған қара қытайды емін еркін қаптатқанымыз үшін...

Ашық аспан астында адасып келгендей атажұртына оралған қандастарымыз бен баспанасыз шырылдап далада  қалған ұрпағыңды ұмытқан билік пен байлық үшін...

Сіздердің әз аруақтарыңызды күңірентіп топалаң той жасап, артынан ұмытып кетіп, күл қоқысқа аунатқан борпылдақ санамыз бен құлдық  болмысымыз  үшін...

КЕШІРІМ СҰРАЙМЫЗ!!!

«Абай.кз» порталы

Құрметті ағайын!

Өздеріңіз бастаған Ашық хатқа қол жинау әлі де жалғасып жатыр. Оны жаңадан қостаймыз дегендер мына сілтемеге басып http://old.abai.kz/content/ashyk-khat , қолын қоя алады...

Өткен аптадан бастап электронды үкімет сайтында www.line.gov.kz адресі бойынша Елбасымен тікелей эфир желісі ашылды. Abai.kz ақпараттық порталы Ашық хаттың мәтінін сол жерге біріншілердің бірі болып тұр. Тікелей эфир желісінің ережесі бойынша ең көп қаралған, оқылған хаттар мен өтініштерге Елбасының өзі 13 қараша күні республикалық телеарналардың тікелей эфирінде жауап береді екен. Сондағы біздің сұрақтарды қолдап, дауыс қосыңыздар. Немесе тікелей эфирдің сall-орталығына Астанадағы 555-777 телефонына телефон шалып, сол жердегі азаматтарға өз сауалдарыңызды қойсаңыздар. Сонымен қатар жазбаша сұрақтарды vopros@akorda.kz деген электронды поштаға да салуға болатынын ескертеміз. Тікелей эфирдің сall-орталығы өз жұмысын 30 қазаннан 13 қарашаға дейін  жалғастырады. Орталық таңғы сағат 08.00 ден кешкі 23.00 дейін сұрақтарды қабылдайды.

Тағы да ауызбіршілік пен табандылық танытайық, ағайын!

0 пікір