Мәслихатқа қандай жаңа өкілеттік берілді?
Президент «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Атап айтқанда, заңнамаға мәслихат аппараты басшысының құзыретін айқындайтын жаңа бап енгізілді.
Оның негізгі функциялары:
– мәслихат аппаратының қызметіне басшылық етеді;
- өз құзыреті шегінде аппарат қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
- мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және қызметтен босатады;
- мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылық жасайды;
- қызметтік тәртіптің сақталуын бақылайды;
- мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
- мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін қарайды;
- өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
- мәслихат сессияларын, тұрақты және уақытша комиссиялардың отырыстарын ұйымдастырады;
- мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды және мәслихат төрағасы немесе тұрақты комиссия төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі құжаттарды дайындайды;
- депутаттардың біліктілігін арттыру іс-шараларын ұйымдастырады;
- заңнамада және басқа да нормативтік актілерде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Сонымен қатар мәслихаттарға мынадай құқықтар берілді:
- әкімдердің халықпен кездесулері барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспарларының орындалу нәтижелерін қарау;
- бюджеттік комиссиялардың жұмысына қатысу;
- елді мекендерді санитарлық тазарту қағидаларын бекіту;
- тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдану.
Бұдан бөлек, заң депутаттық сауалдарды қарау мерзімін 30 күннен 15 күнге дейін қысқартады және жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілеттіктерін кеңейтеді. Сондай-ақ құжатқа сәйкес, бір адам облыстық, аудандық мәслихаттың, республикалық маңызы бар қала немесе астана мәслихатының төрағасы лауазымын қатарынан екі мерзімнен артық атқара алмайды деген шектеу енгізілген еді.
Аталған заң биыл 26 шілдеден бастап күшіне енеді.
Abai.kz