Сейсенбі, 21 Шілде 2026
Жаңалықтар 289 0 пікір 20 Шілде, 2026 сағат 15:41

«Әділ сөздің» жаңа басшысы - Назира Дәрімбет

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорын жаңа президент басқарды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Жаңа президент болып белгілі қазақстандық журналист әрі медиасарапшы Назира Дәрімбет сайланды. Назира Дәрімбеттің тәуелсіз журналистикада мол тәжірибесі бар, сондай-ақ медианы дамыту мен сөз бостандығын қорғау саласындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыруда елеулі тәжірибеге ие», – деп хабарлайды «Әділ сөз» өзінің Telegram-арнасында.

Қордың жаңа президенті Назира Дәрімбет бүгінде Қазақстандағы журналистер тек сот және әкімшілік қысыммен ғана емес, сонымен бірге жаңа цифрлық қауіп-қатерлермен де бетпе-бет келіп отырғанын мәлімдеді.

«Бұл сынып-қатерлерге жауап ретінде журналистерді қорғаудың заманауи механизмдері, кәсіби қоғамдастықтың бірігуі және халықаралық ынтымақтастықты дамыту болуы тиіс. Қордың негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі Тамара Калеева қалаған стандарттар мен негіздерге сүйене отырып, осы жылдар ішінде қор құрған барлық жақсы дүниелерді сақтап қалу және сонымен бірге оның жұмысын заманауи талаптарға сай жаңа деңгейге шығару қажет», – деді қордың жаңа президенті Назира Дәрімбет.

«Әділ сөз» халықаралық қоры 1999 жылы құрылған.

Бұған дейін шілде айында «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының бұрынғы президенті Қарла Жаманқұлова өз өкілеттігін тапсырғанын хабарлаған болатын.

Abai.kz

0 пікір