Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2952 0 пікір 3 Қараша, 2009 сағат 10:28

Жел тұрмаса... Түймебаев орынынан түсе ме?

Ақорда төрінен там-тұмдап жеткен ақпаратқа сенсек, Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жылы орнын босатады-мыс. 2007 жылдың қаңтарынан бері министрлік орынтағында мызғымай келе жатқан Түймебаевтың қай жерде шалыс басқаны белгісіз. Мүмкін, дағдарыс кезінде студенттерге демеу ретінде берілген несиелерді үлестіру қарқынын бәсеңдетіп алды... Естеріңізде болса, осы мінін бетке басқан «Абырой» жастар қозғалысы министрдің отставкаға кетуін талап еткен-ді. Әйткенмен, өткен аптада ғана бұл несиелерді беру мерзімі ұлғайтылып, кепілдік мүлкі жоқтарына үкімет кепіл болатындай түрліше механизмдермен толығып сала берді. Әлде, Жансейіт Қансейітұлының білім беру мекемелерінде хиджаб киюге тыйым салуы осыған түрткі болды ма екен? Қайдам, соңғы нұсқамызға басқа тұрмақ, өзіміз сенбейміз. Бір жанды нұсқасы бар болса, ол әкімшілік ротация болуы мүмкін. Неге десеңіз, осы сыбысты таратушылар Түймебаевтың орнына С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арынның баратынын да айтуда. 48 жастағы профессор Ерлан Арынұлы бұған дейін де екі мәрте ҚР Білім және ғылым министрлігінде бірінші вице-министр лауазымында болғаны бар. Ал, Жансейіт Түймебаев Жамбыл облысының әкімі болып баратын көрінеді.

Ө.ДАРХАН, «Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347