«Самұрық-Қазынаның» құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мемлекет қаражатын жымқырғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сотталды
Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Самұрық-Қазынаның» құрамына кіреді) қызметкерлері тарапынан қызмет бабын асыра пайдалану мен мемлекет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
«Қарағанды облысында Омаровтың мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды. Ол «Даму» қоры бөлімшесінің шағын несиелік ұйым директоры бола отырып, кассалық-шығыс ордерлері арқылы қордан 9,8 млн теңге алып, оны жеке қажеттігіне жаратқан», - деді ол сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Қаржы полициясының мәліметтерінше, қызмет бабын асыра пайдалану арқылы несиелік қаражатты заңсыз алып, мақсаттан тыс пайдалануға септігін тигізгені үшін «Даму» қорынының Батыс Қазақстан облыстық аймақтық директоры 2 жылға сотталды. Оның Жамбыл облысындағы әріптесі Дінмұхамед Нұрәлиев те қолдан жалған құжаттар жасап, амантқа тапсырылған мүліктің бағасын асыра көрсеткені үшін 2 жылға шартты түрде сотталды.