Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3866 0 пікір 4 Қараша, 2009 сағат 09:34

Қаржы полициясы «Комета-S» баспаханасының директорына қатысты қылмыстық іс қозғады

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) «Комета-S» баспаханасының директоры Юлия Козловаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«22-ші қазанда Козловаға қатысты бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепке қатысты заңнаманы бұзу фактілері үшін қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс барысы «Комета-S» ЖШС директоры бухгалтерлік мәліметтерді құжаттаудан жалтарып, есепке алу мәліметтерінде алдын ала жалған мәліметтер көрсету арқылы мемлекетке 2 млн 700 мың теңге шығын келтірген», - деді ол сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.  

Бұрын хабарланғандай, типография қызметі қыркүйектің соңында Алматының қаржы полициясының тексеруінен соң, бухгалтерлік есепті жүргізудегі бұзушылықтары анықталғандықтан тоқтатылған.

Баспахана директоры Ю. Козлова қаржы полициясының тексерісі мен кәсіпорынның тоқтатылуын «Комета-S» баспаханасының «Республика» газетін басып шығарғандығымен түсіндіреді. Мұнда газет таралымдарын қамауға алу оқиғалары мен белгісіздердің шығуға дайындалып қойған газет таралымын тәркілеу мақсатымен шабуылдау оқиғалары тіркелген.

Алматының Медеу аудандық соты 9-шы қыркүйекте «Республика» газетінен БТА банктің пайдасына 60 млн теңге өндіруді міндеттеген. Сотқа шағымдануға себеп болғаны газетте басылған  БТА банкінің төңірегіндегі ахуал жайлы «Хрен редьки не слаще» («Ақжелкек шомырдан тәтті емес») деген мақала болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1462
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3077
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1087
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1014