Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3384 0 пікір 5 Қараша, 2009 сағат 05:50

Айдос Сарым. Бауырлас башқұрт ұлты да оянып келеді!

Осыдан бірер ай бұрын «Абай.кз» ақпараттық порталы «Ресей түрік республикаларының суверенитетіне шабуыл бастады» деген мақала басқан болатын. Онда біздер «Ресей өзінің империялық саясатын одан әрі жүргізуде. Бұл мемлекетте болып жатқан саяси үрдістерді «конституциялық төңкеріс» деп атауға болады. Себебі, бүгінгі Ресей басшылығы осы елдің Конституциясында бекітілген федеративтік жүйені қайта қарап, бүрұлтты унитарлы мемлекетті құруға кірісіп кеткен. Осы мақсатына жету үшін Кремль ең алдымен өздеріне қауіпті саналатын түрік республикаларын, яғни Татарстан, Башқұртстан, Саха және Туваны ауыздықтауға бағыт алып отыр. Ресейдің Конституциялық соты жақында арнайы ұйғарым шығарып, осы республикалардан өз конституциялары мен заңдарындағы «суверенитет» туралы барлық баптарды алып тастауды талап етті...», - деп бауырлас халықтардың болашағына деген алаңдаушылығымызды жасырмап едік.

Дәл сол мақаламызды біздер: «Кремльдің «елімізді күшейтеміз» деген бүгінгі ұрандары Ресейдің мемлекеттігіне теріс әсерін тигізеді. Ұлттық намысы, тілі, ділі, тарихы бар ұлттар бұндай өктемдік пен астамшылдыққа басын мәңгі ие бермейтіні анық. Сондықтан да осыған дейін басылып қалған татар, башқұрт, саха, тува халықтарының ұлт-азаттық күресі қайта жанданатын секілді. Лайым солай болсын!», - деп аяқтап едік.

Айтқанымыз келіп отыр. Жақында ғана «Жас Алаш» газеті мен «Абай.кз» ақпараттық порталы хабарлағандай, Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында жергілікті ұлтшылдар бас көтеріп, Кремльдің өрескел, шовинистік саясатына деген наразылығын танытқаны туралы айтылған болатын.

Кеше ғана бауырлас башқұрт елінен де осындай хабар келді. Біздің сондағы достарымыз бен әріптестеріміз «алты алашқа» кіретін батыр, намысқой ұлттың жастары Мәскеудің ресми саясатына қарсы тұрып, наразылықтарын білідіріп жатқандары туралы мәлімдеді.

Башқұрт елінің ұлтшыл жастарын біріктіретін «Көк бөрі» ұйымының бастауымен Башқұртстан астанасы Уфа қаласында көптеген наразылық акциялары өтіп, ел намысы мен рухын оятатын іс-қимылдар жасалып жатыр екен. Сол наразылық акцияларының бірі жақында ғана республикалық телекомплекс алдындағы алаңда өткені, одан кейін башқұрт жастары сап құрып ұлт батыры Салауат Юлаевтың ескерткішіне барып, тағзым еткені белгілі болып отыр. «Көкбөрілер» мен олардың жастары Ресейдің импершіл, астамшыл саясатына қарсы екендерін тек қана жалынды сөздерімен ғана емес, өнерімен де танытып жатты. Жиналған башқұрт жастарының алдына соңғы кездері көзге түсіп жүрген жас ақындар шығып, өздерінің жүрекжарды өлеңдерін дауыстап оқыды. Башқұрттың ұлттық музыкалық аспабы - қурайдың да дауысы ыңыранып күңіренді...

«Көк бөрі» ұйымының бастамасы башқұрттың барлық ұлтшыл ұйымдары тарапынан қолдау тапқан екен. Алаңға жиналған жастар қолдарына «Тілі жоқтың - елі жоқ», «Суверенитетсіз Башқұртстанның болашағы жоқ», «Алғашқы Конституциямызды қайтарыңдар», «Ресей Башқұртстанды тұншықтырма», «Көк бөрі» азаттық үшін» деген транспоранттарды ұстап шығыпты. Осы наразылық акцияларын ұйымдастырушылардың атынан «Көк бөрі» ұйымы көшбасшыларының бірі Азат Сәлманов башқұрт жастары өз күрестерін ешқашан тоқтатпайтынын, керісінше күресті күннен-күнге үдете түсетіндіктері жайлы ашық айтты. Осындай акцияларды алдағы уақытта  республиканың басқа да аймақтарында  жалғастыратындары туралы мәлімдеп отыр ол.

«Абай.кз» ақпараттық порталы қазақ қауымын, баспасөзін Ресейдегі түрік республикаларының, бауырлас ұлттардың азаттық жолындағы рухани күресін қолдауға үндейді. Ондағы түрік республикалары мықты болса, бізде осал болмаймыз! Біздің портал Башқұртсандағы ұлтшыл азаматтармен тұрақты хабарласып, сол жақта болып жатқан жағдай туралы қазақ жұртшылығын құлақтандырып тұрады деген келісімге келіп отырмыз.

Башқұрт ағайындардың ұлт-азаттық күресі туралы ақпаратты төмендегі ақпарат көздерінен ала аласыздар:

http://kyk-byre.ru,

Абайшыл, алашшыл ұрпақтың ұраны бір: «Түбі бір түрік халықтарының бірлігі мен ынтымағы арта берсін! Ресейдегі түрік текті бауырларымыздың рухани күресіне сәттілік тілейміз! Құдай оларды рухынан, тілінен, ділінен, тарихы мен мәдениетінен айырмасын!»

«Абай-ақпарат»

0 пікір